Қазақ-қырғыз шекарасынан айдап өтпек болған жылқыларды тастап, барымташы қашып кетті

191 просмотров

Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» бекетінің шекарашылары 13 жылқыны заңсыз жолмен шекара асырмақ болғандардың жолын кесті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, «Гранитогорск» бекетінің шекарашылары әуелі 11 бас жылқыны жетектеп, Қасқасу сайының ішімен келе жатқан салт аттыны байқайды. Бағыты осы маңайдағы Қызылсай ауылы секілді. Шекарашылар да қарап қалмады, тез арада ұстау шарасына кірісті. Шекарашыларды байқап қалған салт атты жылқыларын тастай салып, көршілес елдің аумағына барып жасырынды.

Шекарашылар бұл маңайда тағы да қосымша жылқылардың болуы мүмкін деген болжаммен осы сайға шолу жасауды ұйғарады. Болжамдары дұрыс шықты. Қосымша шолу барысында аталған сай ішінен тағы да екі жылқы табылды.

Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес құқыққорғау органдары хабарландырылды. Жылқылар «Мерке» комендатурасына өткізіп берілді.

Загрузка...