Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылады

245 просмотров

Қазақстанда радикалды діни ағымдарға тыйым салу мәселесі қарастырылады.

Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы Владимир Жұмақанов мәлім етті, – деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Бұл сұрақ қолға алынды, оны жақтап отырғандар да, қолдамай отырғандар да бар. Идеологияға тыйым салу қиын. Дегенмен 2011 жылдан бері болған оқиғалардың барлығы салафиттермен байланысты болды. Сондықтан бұл мәселе ең жоғары деңгейде: Мемлекет басшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде қаралады деп ойлаймын», — деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Оның алдында ҚР ҰҚК басшысы, Алматы облысында ұсталған лаңкестер салафит болғанын хабарлаған еді.

f964d5bfa2069081114b2a58c8185c69644cb9ee

 

Загрузка...