Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нақтылай кетсек, дәл қазір тәртіп сақшылары қаладағы Гоголь мен Зенков және Мақатаев пен Абдулин көшелерінің аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
– Барлық қала тұрғындарын сабырлық сақтауға шақырамыз. Полицияның барлық талаптарын орындауды сұраймыз. Сонымен қатар, қандай да бір ақпарат таратарда тек ресми мәліметке сүйену қажет. Жалған мәлімет таратпауларыңызды өтінеміз. Жалған мәлімет таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады”, – дейді бұл ретте қалалық ІІД өкілдері.
Суреттер tengrinews.kz сайтынан алынды.