Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті базасында «Референдум – әділетті және прогрессивті Қазақстанның негізі» атты конференция өтті. Жиынға университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесуде референдумның қоғамдағы маңызы, Конституцияға енгізілген өзгерістер және олардың ел дамуына әсері кеңінен сөз болды. Ашық диалог форматында өткен шарада қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Нұржан Жетпісбаев референдумның саяси жүйені жаңғыртудағы рөлін атап өтіп, конституциялық реформалардың әділетті қоғам құрудағы мәніне тоқталды. Сондай-ақ жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығы айтылды.
Конференция барысында сала мамандары мен студенттік өкілдер баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар референдумның демократиялық құндылықтарды нығайтудағы және азаматтық қоғамды дамытудағы орнын ерекше атап өтті. Іс-шара соңында жаңа Конституцияның мазмұнын кеңінен түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.