Алматыдағы аэровокзалды салафиттер «иемденіп» алған ба?

2 969 просмотров

Алматыға жұмыс іздеп келушілер көп. Көпшілігі қара жұмыспен айналысады. Бірақ барлығы емес.

Айталық, ұсақ-түйек сауда-саттықпен айналысатындардың арасында көрші мемлекеттерден келгендер толып жүр. Өріп жүр. Былайғы өмірде сіз оларды байқай бермеуіңіз мүмкін. Олардың өз орындары болады. Олар бірігіп жүреді. Бір жерде отырады. Бір жерде сауда жасайды.

lIOBQnuKtSs

 

Олар сол жерді жеке-дара иемденіп алған.

Тергеу, тексеру болмаса, олар өздеріне «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» деп ойлап қалуы әбден мүмкін.

EngeAwpqcX4

Осы мақсатта Алмалы аудандық Көші-қон басқармасы ұйымдастырған рейдке қатыстық.

«Сотка» сатқыш сақалдылар

Көші-қон полициясы бұл жолы Алматыдағы Жібек жолы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан Әуевокзалды нысанаға алыпты.

Мақсат осындағы ұялы телефон саудалаумен әрі жөндеумен айналысатын келімсектердің қағаз-құжатын тексеру. Осы арқылы олардың қайдан келгенін, қандай мақсатпен жүргенін, немен айналысатынын анықтау.

9XIbiIXDB4U

Көші-қон басқармасының қызметкерлерімен бірге рейдке шыққан біз Әуевокзалдағы келімсектердің көптігіне қарап, таң қалдық. Көпшілігі Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген.

Бір шетінен шағын кәсіпкер екен. Бәрі шетінен ұялы телефон жөндеумен айналысады. Саудалары қызып тұр.

Әуевокзалдағы бір-бір орынды иемденіп алған.

A0-sYgNsM8I

Шамалап алғанда, бұл арада ұялы телефон сататын әрі оны жөндеумен айналысатын 100-ге тарта орын бар. Санап шықтық. Барлығында дерлік келімсектер отыр. Көпшілігі сақал өсірген. Шолақ балақты.

Еліміздегі діни ахуал асқынып тұрған кезде, түр-тұлғасының өзі біртүрлі күдік туғызатын қырғыз-өзбектің бір жерде шоғырланып алғаны әртүрлі ойға жетеледі.

z_WjZHaC8nQ

Полициямен бірге осы жерде отырғандардың құжаттарын, куәліктерін тексеріп шықтық. Ілгеріде айтқандай, Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген.

Бұл жер көптен бері тексерілмесе керек. Жергілікті жұрт полиция қызметкерлерін жақтырмай қарсы алды. Көпшілігінің қабағы қатулы.

«Не үшін? Не мақсатпен келдіңдер? Біздің құжатымызды не үшін тексерудесіз? Не үшін суретке түсіріп жатырсыздар?», — дейді.

Бұл араға әбден сіңіп алған келімсектерге полицияның тексеріс жүргізгені ұнамаса керек. Кейбіреулері, тіпті, ашық кетті.

Араларында билікке тіл тигізгендерді де естіп қалдық.

qTF68AZpLTM

Полицияның тексеру жүргізгенін осындағы әрі саудагер, әрі әсіре діншіл қауым Қазақстан билігінен көрсе керек.

Мұндағылардың көпшілігі қауғадай сақал өсірген. Бұл арада біз олардың діни ұстанымына тіл тигізіп отырған жоқпыз. Дегенмен, осы арадағы ұялы телефон саудалап отырғандардың тең жартысынан астамы бір-біріне қатты ұқсас.

Сақал өсірген, шолақ балақты шалбар киген. Бұл жәй ғана сәйкестік пе? Қалай ойлайсыз?

Өз кезегімізде біз осы турасында Әуевокзалдағы жұрттың пікірін білдік.

– Бұлардың көпшілігі сырттан келген. Өзбектер болуы керек. Қарақалпақтар көп. Арасында басқа ұлттар да бар. Ұялы телефон, ноутбук жөндеумен айналысады. Алайда бұларға затын алып келген жұрттың көңілі толмайды. Себебі, сапасыз жасайды. Онысын мойындамайды. Ал сапасыз жасалған затты қайтадан әкеліп беруге халық бата бермейді. Сондықтан бізге алып келеді, – дейді осы жерде компьютер жөндейтін, әлгі келімсектерден бөлек отырған Марат есімді жігіт.

c1fbwnavst8

Әрине, жалғыз Мараттың пікірімен шектелген жоқпыз. Осында ұялы телефонын жөндетуге келетін азаматтар да соңғы кездері бұл арада «шолақ балақтылардың» шектен тыс көбейіп кеткеніне назар аударыпты.

– Бұл туралы полицияға талай айттық та. Құлақ түрген жоқ. Аздаған уақыттың ішінде бұл араны қауғадай сақал өсірген, түстері суық біреулер иемденіп алды. Өзім осы Әуевокзалға жақын маңда тұрамын. Киімдеріне, жүріс-тұрыстары мен түр-келбетіне қарасаң, біздің дәстүрлі исламды ұстанатын адамдарға ұқсамайды. Ендеше, полиция бұларды неге ерте бастан тексермеді? Қазір бұлар қаптап кетті… – дейді бізге атын атамауды өтінген азамат.

Ал біз санап шықтық. Полиция барлығы 80-ге тарта қырғыз-өзбектің құжаттарын тексеріп шықты. Бұл басы ғана. Осы жерде шоғырланған келімсектердің саны бұдан да көп.

d5Y7bmihNsY

Рейд нәтижесінде, қағаз-құжатынан, куәлігінен шикілік шыққан 2 өзбек, 2 қырғыз, 1 тәжік және 1 қытай азаматын полиция қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Көші қон полициясы басқармасына алып жүрді. Бұл араға келгенде, тағы бір қызықты жайтты анықтадық. Полиция алып келген қырғыз-өзбек Алматы облысының Іле ауданында тұрады екен. Бұл да сәйкестік пе? Қалай ойлайсыз? Олардың топтанып жүруінде не гәп бар?

YzLgcn47h78

«Мұндай рейдтер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады», деп сендірді бізді полиция қызметкерлері. Ұйымдастырылғаны дұрыс қой. Бірақ, бұдан бұрын қайда қараған?

Тексеруді келімсектер осы араға топтаспай тұрып бастап кетуге болмады ма?

Сосын Әуевокзалының басшылығы бұл турасында не дейді өзі? Тұмсығының астында не болып жатқанын көрмей ме? Оларды жалға беріп отырған жерінде сақал қойған, шолақ шалбар кигендердің көбейіп кеткені алаңдатпай ма? Әлде олар ақшаны ғана ойлай ма?

Айналып келгенде, біз олардың исламдағы қай ағымның өкілі екенін де білмейміз. Тексермейміз. Осының кесірінен Алматының қақ ортасындағы сауда орындарын діни көзқарасы күдік туғызатын келісмектер жаулап алғанға ұқсайды. Ертең кеш болып қалмай ма? Бәлкім, бұл мәселені қазір шешу керек шығар?…

 

Загрузка...