АҚШ Мәскеуге қарсы санкцияны кеңейтті

28 просмотров

Шешім 7 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Санкция тізімінде Керчен көпірінің құрылысын салуға тапсырыс беруші «Тамань» компаниясы да бар.

АҚШ тыйымына бірінші рет электроника өндіруші 11 компания да кіріп отыр. Аталған кәсіпорындар әскери өнім шығаруы мүмкін деген күдікке ілінген.

Халықаралық қауымдастықтың, батыс елдерінің Ресейге қарсы салған экономикалық санкциясы 2014 жылдың ақпан айында Мәскеудің Украинаға әскер кіргізіп, Қырымды аннексиялауына байланысты болды. Бүгінгі күнге дейін АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияны ұзартып келеді. Мәскеу бұған жауап ретінде ЕО, АҚШ, Норвегия, Канада және Австралия елдерінің импортына тыйым салды.

Загрузка...