Ұзынағаштағы ағайынды 3 азаматтың өліміне қатысы бар болуы мүмкін дегендердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жақында ғана қылмысқа қатысы бар деп үшінші күдікті ұсталса, бүгін марқұмның жақындары қылмыс жасалған қару иесінің атын атады. Сонымен қатар ағайынды 3 азаматтың туыстары алғаш болып “31 арнаға” еш жерде көрсетілмеген кей мәселелерді айтып берді.
Еркін БЕЙСЕКЕ, жәбірленуші:
– Бұрын Талғат айтқан мен қаруды 100 мың теңгеге көпірдің астынан Валерий деген орыстан сатып алдым деген. Бірақ ол ағама зияны тимесін деп айттым дейді. Негізі қару Жанай Сүлейменовтікі болып шықты.
Ел естімеген тағы бір айғақ -мал жайлы. Жоғалған 41 бас ірі қараның 36-сы иелеріне қайтарылып, қалған 5-уін күдіктілер сатып жібердік деген. Ескеретін жайт, мал сатыларда толық құжатымен сатылады. Бірақ, күдіктілер тергеушілерге сатып жібердік деген 5 малдың да, яғни барлығы 41 бас ірі қараның құжатын берген. Сонда қазір жоғалған 5 мал сатылмаған, оларды күдіктілер, не болмаса, олардың сыбайластары тығып отыр дейді марқұм туыстары.
Тұрсын ӘМІРБАЙ, жәбірленуші:
– Малды сайдың ішіне апарғанда зорлап апаруы мүмкін. Бұл бір. Одан кейін біздің адамдар малды бірден айдатып, бірден сатып, қалғанын айдатып, жартысын сатпайды. 3 ке бөліп түсірмейді бұлар. Сол үйден ақшасын алып қайтатын.
Адал ЗАРЫЛХАН, жәбірленуші:
– Екі қылмыскердің сөзі ек түрлі. Осылай болып тұр. Сенімсіз. Тексердік дейді. Бірақ олардың сөздері бір бірінікіне келмейді. Одан басқа факт жоқ дейді.
Осындай мәселелер ескерілгенде, талай шикіліктің шеті шығып, қылмыстың басында тұрған адамдардың аттары да шығар еді дейді марқұмның жақындары. Қазір қамауға алынған Мұрат Оңалбаев, Талғат Сүлейменов және қылмысты көре тұра полицияға хабарламады деген Бақыт Байқасымов есімді азамат. Ұзынағашта ағайынды Мұқият, Қадылбек және Жарқын деген жігіттерді өлтірді дегендерге қатысты сот отырысы қашан болатыны қарашаның 15-не қарай белгілі болмақ.