Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Звандасаң, келмейді”. Атырауда мал тиеген жедел жәрдем көлігі елдің ашуын туғызды

“Әшейінде звандап шақырта алмайтын “103” көлігінің бұл қайткені? Ал осы кезде бір науқас дәрігергедің көмегіне зәру болып, ауруханаға жете алмай жатқаны анық.

Науқастарды таситын көлікке малды тиеудің өзі барып тұрған бассыздық, бұл барлық санитарлық нормаға қайшы. Мал тиеген көлік көпке дейін сасып жүреді”

деп шуласады наразы жұрт. Осыған байланысты біз жедел жәрдем стансасына хабарластық” деп жазады жергілікті басылым.

Анықтай келгенде, жедел жәрдем стансасындағылар ол көліктің өздеріне тиесілі еместігін айтып бағыпты.

“Кеше біздің көліктердің барлығы өз жұмысымен болды, ешқайсысы “Тума” базарына барған жоқ. Одан соң суретке қарасаңыздаршы, ол көліктің сыртында “103” деген жазу жоқ. Соған қарағанда бұл Атыраудағы жекеменшік клиникалардың біріне тиесілі көлік”, – дейді Атырау қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз