Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Зульфия Чиншанло олимпиада алтынынан айырылып қалуы мүмкін

Қытай баспасөзі келтірген мәліметке сүйенсек, қайтадан жасалған екінші тексеру кезінде қазақстандық спортшы Чиншанло мен тағы төрт алтын медалдың иегері қанынан допинг табылған. Қалған төртеудің есімі әлі аталмай отыр.

Бұл ақпаратты ресми түрде ешкім растаған жоқ. Егер қазақстандық ауыр атлеттен, шыныменен алтынын тартып алатын болса, онда ол тайвандық Хсу Шучинге бұйырады екен.

Сонымен қатар допинг анықталған спортшылар Рио-де-Жанайреодағы олимпиадаға қатыса алмайды.

Олимпиада чемпионы Зульфия Чиншанло Алматыда дүниеге келген. Бірақ бала кезінде Қытайға көшіп кетіп, 2008 жылы қайтадан туған жеріне оралған. 16 жасында ол ауыр атлетика бойынша әлемнің ең жас чемпионы атанды. Бұл 2009 жылы болды. Ал 2011-2014 жылдары қазақстандық өз атағын қайтадан ақтап шықты. Қазір Зульфия 22 жаста.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз