Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Зорлап жасаған…”. Меруерт Түсіпбаева тағы шулатып жатыр (видео)

309

Әншіні “Бұл тақырыпты жап” деп қорқытқандар да болыпты.

“Бес-алты ай бұрын “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сериалының төңірегінде үлкен шу болды. Философтар, филологтар, тарихшылар, этнографтар маған хабарласып, Ерлан Қаринге хат жазғандарын айтты.

https://kaz.365info.kz/meruert-tysipbaeva-mejrambek-bespaevtyn-khojnynan-bir-akh-shykhty-foto-292607

Олар сериалдың әрбір секундын жазып, анализ жасаған. Бірақ, Ерлан Қариннен жауап болмаған. 

Мен ерінбей-жалықпай сериалдың бірінші және соңғы серияларын көрдім. 

Ана қыздың тілінің мүкістігін айтқым келмейді. Қатты шу болып кеткендіктен, Ерлан Қарин сериал қайта көрсетілмейді деп Facebook парақшасына жазды. Мен соны скриншоттап алдым да, “Онда қаржы қайтарылсын” деп жаздым”, – дейді әнші.

https://kaz.365info.kz/alkhash-arakh-ishken-meruert-tysipbaeva-halykhkha-zhakhpaj-khaldy-foto-313813

“Әділдік үшін күрестім. Маған Бағым Мұхитдинова хабарласып, “Бұл сериалды тым жақсы деп Ұлттық арна қабылдаған. Сен жазғаннан кейін алып тастады” деді. Бұл – ұлттық мүдде. Тіпті орысша жазып, қорқытқан адамдар да болды.

 “Жылайсың”, “Опық жейсің”, “Елдің ақшасын кім жемей жатыр” деді. Бір күні маған Бағым хабарласты.

Содан кейін ештеңе жазбайтын болып келістік. Қыста болған дау, екі әйелдің ортасындағы дау емес. Ол кісілердің жеке басында менің мүлде сөзім жоқ. Аман болсын. Менің жазбамнан кейін, неше түрлі әңгіме шықты. Әкімшіліктің атынан зорлап жасаған қылықтар болған. 54 миллион жеткілікті қаржы деп ойлаймын”, – деді әнші.

https://kaz.365info.kz/ajtyp-ajtyp-tastady-meruert-t-sipbaeva-zhado-a-zhauap-atty-245220

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз