Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Зорламаған”. Қытайда көз жұмған қазақстандық қызға қатысты тың дерек шықты

Ведомство өкілдері сонымен қатар Қытайда 18 жастағы қыздың 14 қабаттан құлаған кезінде қасында болған екі Пәкістан азаматының да ұсталды.

«Осы оқиғадан кейін Қытай полициясы тергеуді бастады. Пәкістанның екі азаматы ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес олардың жасы 26-30 аралығында. Олардың студент болған-болмағаны әзірге белгісіз. Олардың бірі қамауда отыр, ал екіншісіне тергеу аяқталмайынша ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Екінші қыз оқиғаға қатысты түсініктеме берген, қазір ол оқуын жалғастыруда», – деді Жайнақов.

СІМ-дегілер Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының ерекше қадағалауында екендігін айтады. Дипломатиялық ведомствоның мәліметінше, 1 желтоқсан күні Суджоу университеттерінің бірінде оқитын он сегіз жастағы қазақстандық студент қыз құрбысымен бірге танысы – Пәкістан азаматына қонаққа барады. Ол жерде оның досы да болған. Бір кезде мас күйде олар қыздарға жармаса бастайды. Қыздың біреуі жасырынып қалады, ал екінші қыз 14-қабаттан құлап, мерт болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз