Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Зорлағаны рас екен”. Әкелерін өлтірген үш қыз туралы масқара шындық

476

Тағы бір видеода қыздардың бірі Хачатурянның сексуалды мұқтаждығын қанағаттандырып жатыр. Ол аздай, пәтерден садистік және сексуалдық ойыншық құралдары табылып отыр.
https://kaz.365info.kz/14-zhasymda-meni-agam-zorlady-tagy-bir-ajel-shyndygyn-ajtty-video-315120

Шешелері қайда болған?

Әйелі Аурелияны (кейде Элен дейді) Хачатурян 2,5 жыл бұрын ұлымен бірге үйден қуып жіберіпті.

Әкеміз анамызбен араласуымызға тыйым салды. Бірақ бір ебін тауып, ұрланып жүріп анда-санда анамызға телефон шалатынбыз. Бірақ әкеміздің бізді зорлап жүргені туралы тіс жармадық. Анам бізде бәрі жақсы деп ойласын дедік, — дейді қыздардың бірі.

Қыздар неге қашпаған?

Қыздарда азын-аулақ еркіндік болған екен. Олар әлеуметтік желідегі суреттерде құрбыларымен қыдырып жүр. Әкелері үйде жиі болмайтын. Кейде апталап Израильге кетеді екен. Сонда қыздар неге қашып кетпеген деген сұрақ туындайды. Сөйтсек, қыздар жауыз әкенің жанында өз еркімен тұрған деседі.

Олар бай өмірге әбден үйреніп қалған болып шықты. Михаил ай сайын әр қызының карточкасына 60 мың рубльден аударып отырған.

Сонымен бірге қымбат брендті киімдер әперіп, демалысқа жиі апарады екен. Тіпті үлкен қызы Кристинаға 2 миллион рубльге KIA деген джип сыйламақ болыпты.
https://kaz.365info.kz/sheshindirip-zorlady-almatylykh-student-khyz-symdykh-okhigany-ajtty-video-305862

Жұмыссыз Мишада ақша қайдан жүр?

Ресми түрде 57 жастағы Хачатурян жұмыссыз еді. Бірақ оның отбасы тұрмыс-тіршілікке айына шамамен 300 мың рубль жұмсап келген. Жұрттың сөзінше, Михаил өзі түрмеде отырған адам болмаса да, түрмелердегі зектерге «грев» тасыған деседі. Сонымен бірге керек деген кез-келген тауарды түрмелерге жеткізумен айналысқан. Тағы бір тұспалға сенсек, оның Америкада бай досы тұрады. Кезінде Миша оған бір үлкен жақсылық жасап, анау мұны өмір бойы асырауға уәде берген деседі. Ал көршілері Хачатурян есірткі сатумен айналысқан дейді.

Бұл қыздар неғылған қыздар?

Қыздардың әлеуметтік желілерде алкоголь ішіп, темекі тартып отырған суреттері бар.

Ангелина сұрақ-жауап түріндегі Ask.fm деген сайтта қызбен сүйісіп көрдің бе, есірткі пайдаланып көрдің бе, арақ-темекіге құмарсың ба деген сұрақтарға «ия» деп жауап беріпті.

Әкелерін қасақана өлтірген бе?

Төрт ай бұрын әлгі Ask.fm деген сайттағы «Дәл қазір өміріңде нені өзгерткің келедідеген сұраққа Ангелина: «Бір адам менің өмірімнен жоғалып кетсе ғой, әйтпесе одан басқасының бәрі жақсы» деп жазыпты. Оның әкесін меңзегені бек мүмкін. Тергеудің тұспалы бойынша да қыздар әкелерін өлтіруді әбден пысықтап, жақсылап жоспарлаған. Үйдегі камераларды өшіріп тастап, газ балончигін, балға мен пышақты дайындап қойған. Тіпті кімнің немен ұратынын да алдын ала келісіп алған.

Біреуі бетіне газ шашқанда екіншісі басынан балғамен соққылаған, үшіншісі пышақты аямай сұққылған.

Оның үстіне, қыздар шабуылға әкелері ұйықтап жатқан кезде шыққан.
https://kaz.365info.kz/iliyas-meni-zorlady-ma-ykhpaj-khaldym-294279

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз