Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әзірбайжан банктері АҚШ долларын сатпай жатыр

Мысалы, Әзірбайжан астанасындағы Низами көшесіндегі Demir Bank бөлімшесі бір адамға 100 доллардан артық ақша сатпаған. Банк мұны өздерінде шетелдік ақшаның аз болғандығымен түсіндірген.

Есесіне, қара базардың көрігі қызған. АҚШ долларының ресми бекітілген құны – 1,62 манат болса, қара базарда оны 1,7 манатқа сата бастаған. Осы жағынан алғанда, Әзірбайжанның ұлттық валютасы құнсыздану алдында тұрған секілді.

2015 жылы Әзірбайжан банкі манатты екі рет девальвациялады. Өткен жылдың желтоқсан айында баға еркіне жіберілген соң Әзірбайжанның ұлттық валютасы АҚШ долларына шаққанда бір жарым есеге арзандаған. Биыл болса, манат 7 пайызға құнсызданған. 19-тамызда оның құны 2,5 пайызға төмендеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз