Зимбабве елінің президенті Роберт Мугабе өзіне арналған ескерткіш орнатты. Скульптурада Зимбабвенің елбасы жұдырық түйген қолын көкке көтеріп тұр, деп хабарлайды ТАСС The Zimbabwean басылымына сілтеме жасап.
Монументтің биіктігі 3,8 метр, оны жасауға жарты жылдан астам уақыт жұмсалған.
“Бізде президент — нөмірі бірінші адам, көрген адамдар осыны түсіну үшін мен ескерткішті өте үлкен етіп жасадым”, – деп қойып қалды.
Биыл 92 жасқа келген Мугабе — әлемдегі ең кәрі мемлекет басшысы, ол елді Тәуелсіздік алғалы бері, 1980 жылдан бастап басқарып келеді. Ол тіпті 2018 жылы өтетін келесі президенттік сайлауға да қатысқалы отыр.