Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жүргізуші куәлігі. Депутаттар не бүлдіргелі жатыр?

188

-Азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін жол ережелерін үйде оқуға рұқсат берілгелі жағдай нашарлап кетті. Көлік апаты көбейген. Соңғы 8 айда өз бетінше білім алған 3 мыңға жуық үміткердің тек 20 пайызы ғана емтиханды сәтті тапсырыпты

Ал арнайы автомектептерді бітірген 500 мың адамның тең жартысы сынақтан сүрінбей өтіп, тиісті куәлік алған. Жалпы, Ішкі істер министрлігі былтыр ғана тұрғындарға ешқандай курсқа бармай-ақ, өз бетімен оқуға рұқсат берген болатын.

Яғни, жол ережесін жаттап алған соң азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алатын. Депутаттар заңдағы дәл осы жеңілдікті алып тастамақ.

Өйткені, бұл норма күшіне енгелі елімізде көлік апаты көбейіп кеткен. Енді жұрт міндетті түрде  автомектептерде оқуы тиіс. Сондай-ақ, халық қалаулылары жүргізушілерге көлікті тоқтатқан полицейдің әрекетін видеоға түсуіруге де заңмен рұқсат етпек.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз