Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жүрекке қадалған оқ – жамандық белгісі. Мұсылман баласы оған еліктемеуі керек – діндар

144

„Әзірет сұлтан„ мешітінің наиб имамы Асқар Әбітайұлы қазақ жастарын адастырып, шатастыратын мейрамдарды шектеуді ұсынады.

– Некесіз бөтен адамдарға қарау, яғни әйелдің бөтен еркекке немесе, керісінше ер адамның бөтен нәзік жандыға сұқтана қарауын шайтан бағыттаған уланған оқ дейді.

Демек, біздің жастарымыздың көбі ғашықтардың белгісі деп қабылдайтын кескіннің түбі жамандықтан бастау алып жатқанын аңғара да бермейді. Білместіктен бұл белгіні әспеттеп, насихаттап, сондай суретті сүйіктісіне ұсынып жатады. Ал бұл ешбір жауапкершіліксіз махаббатқа алып келеді, сөйтіп жастарымыз бұзылып жатады.

Ақын Балғынбек Имашев осындай қазақ дәстүріне жат мерекелердің көптеп насихатталуы салдарынан қазір ұяң әрі байсалды деген ұлттың кішісі үлкенінен, ал үлкені кішісінен именбейтін, бетбақ ұрпақты тудырып жатқанын ашына сынайды.

Балғынбек Имашев, ақын:

– Қазақ сәбиін қоқысқа тастайтын болды. Неге? Өйткені біздің қоғамда махаббат күні деген желеумен азғындық, зинақорлық насихатталады. Әке-шешеден, көрші-қолаңнан, туған-туыстан, дос-жараннан ұялмай бір-біріне ашықтан ашық көңіл білдіріп, сыйлық сыйлайды. Салдарынан мектеп қабырғасында жүріп, оң жақта отырып қыздарымыз жүкті болып, некесіз сәбиді дүниеге әкеледі. Сондықтан Үкімет Валентин күніне ашық түрде шектеу қою керек деп санаймын.

 Әзірет сұлтан мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы мұндайда өзі айтқан қағидаға сүйенген адамның жаны да, құлағы тыныш болатынын үлгі етеді.

– Мұсылман баласы өзгелерге еліктеуші емес, өзгелерді ақиқатқа ертуші болуы керек. Осындай принципті ұстанған адам өмірде адасып, басын тау-тасқа соқпайды.

Дерек көз: Хикмет ТВ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз