Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Жүрегі мен өкпесі…”. Дәрігер Денис Тенді неге аман алып қала алмағандарын айтты

“Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті.

Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды.

Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды”, – деп түсіндірді дәрігер.

https://kaz.365info.kz/kop-khan-zhogaltkhan-denis-ten-khajtys-boldy-video-324556

Дәрігердің айтуынша, көмек бірден тез арада көрсетілді. Мұның алдында мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Алматыда жасалған шабуылдан қайтыс болғаны хабарланған еді.

Бүгін Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.  Денис Тен – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз