Карантин жағдайында отандық жұлдыздар онлайн-концерт беріп, жарнама жасап «күнін көруде». Алайда әнші Айқын басқа жолмен пайда табуды көздеп отыр.
«Ән сатамын. Карантинде жаздым. «Талисман» деп аталады… Әнін, тіпті сөзінің кейбір жерлерін де өзім жаздым. Кейде Асия, кейде Пушкин болып кететінім бар», –
деп жазды Айқын өзінің Instagram парақшасында.
Алайда әртіс кейінен бұл ойынан айнып, әннің сатылмайтынын, әзіл екенін жазды. Өзінің өнер туындысына сұраныс болмай қала ма деп қорықса керек.