Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Жұлдыздарға тұсау кестіру қанша тұрады?

222

Сәкен осы уақытқа дейін 50-ге жуық бүлдіршіннің тұсауын кескен. Ата-аналардың бір ауыз сөзін жерге тастағысы келмеген талантты ұлдың, ту сыртынан тас ататындар да табылыпты.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
— Сәкен Майғазиев тұсау кескеніне 1000 доллар алады екен деген қауесетті естіп маған хабарласады. Жооқ, құдай сақтасын. Егер Сәкенге ұқсасын деп біреу тұсау кестіріп тұрса, мен сыбайлас жемқорлықпен айналысып тұрсам — ол жараспайды ғой. Мен ананы берсең барамын, мынаны берсең бармаймын деген дүние жоқ. Бай-кедей, ақ-қара, ұзын-қысқа деген менде талап жоқ.

Ал, баланың тұсауын кесу рәсіміндегі «ставка» ұғымы қалай қалыптасқан?!

Алтынай Жорабаева, әнші:
— «Ставка» дегенді дұрыс түсіну керек. Әркім өзін бағасын біледі иә, мысалға. Енді ол міндетті түрде тұсау кесуге барғаннан кейін әнін орындап береді, дұрыс па? Бәрібір өз бағаңды айтасың ғой. Сол сияқты дүние. Оны ерсі деп түсінбеу керек.

Нұрлан Еспанов, әнші:
— Құр қолға бата жүрмейді дейді ғой, бір шетінен. Бірақ, енді ол қомақты ақша береді деп, мен айта алмаймын енді. Сол кішкене көйлегіңізді киіп алыңыз, жалпы мынау шапаныңыз деп беріп жататындар болады.

Ал, ұлттық салт-дәстүрді бизнеске айналдырып, қалтасын қалыңдатып жүргендерге, қара баланың айтары бар.

«Бата қымбатырақ болады негізі, ақшаға қарағанда. Негізі түсінген адамға…» – дейді Нұржан Керменбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз