Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жылқыны несиеге алдық, оны аязда қалай қалдырамыз?”. Қар құрсауындағы 5 адам көмектен бас тартты

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінде осы уақыт бойы адамдардың қасында солтүстік өңірлік аэромобильді оперативті құтқару жасағының үш қызметкері кезекшілік еткенін атап өтті. Олар жүргізушілердің отыны таусылып немесе адамдардың бірі өзін нашар сезіну жағдайына сақтандырып отырған. Адамдарға ыстық тамақ, малға жем жеткізу мен жолды тазарту бойынша жұмыстармен жергілікті билік айналысқан.

Жүргізушілерге малды жақын орналасқан ауылға жеткізуді ұсынған. Бірақ олар бас тартқан.

“Жол бүгін тазаланды, бірақ КамАЗ ұзақ уақытқа дейін орнынан өз бетімен жылжи алмаған, ол жазғы дөңгелектермен болған”, — деп түсіндірді кеше Қостанай облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Уәлихан Дүйсенов.

Кеше кешкісін ауыр техниканың көмегімен жүк көлігін Әулиекөл-Жолдама негізгі тас жолына шығару мүмкін болды. Алысқа қатынайтын жүргізушілер Шымкентке қарай жолға шықты. Біразға дейін оларды құтқарушылар шығарып салатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз