Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жыл соңында доллардың құны қалай өзгеруі мүмкін? Сарапшылар пікірі

1422

Сарапшылар осындай болжам жасады деп хабарлайды LS басылымы.

BCC Invest компаниясының сарапшылар басқармасының бастығы Асқар Ахметов желтоқсанда доллар қымбаттамайды деп есептейді.

“АҚШ-тың Федеральды резерв жүйесі қойған ставка нейтраль бағытқа жақындап қалды. Ал бұл АҚШ дамушы экономикасы бар елдерге қолдау білдіруге ниетті деген сөз. Оның үстіне ОПЕК осы аптада мұнай өндірісін қысқарту туралы шешім қабылдамақ. Бұл нарықтағы сұраныс мен ұсынысты теңестіреді. Иә, Ресей мен Сауд Арабиясы осылай етуді жөн көріп отыр”, – дейді Ахметов.

Сондай-ақ ол Ұлттық банктің базалық сыйақы мөлшерлемесін 9,25 процент деңгейінде ұстап қалу туралы қабылдаған шешімі де теңге бағамының нығаятынын байқататынын айтты.

“Керісінше, жыл соңына қарай доллар біршама арзандайтын секілді. Мысалы, $1 құны 363-366 теңге (1,4%-2,2%)болуы ықтимал”, – дейді ол.

Өз кезегінде “Финам” сарапшысы Сергей Дроздов теңге бағамының нығаюына ықпал етуі тиіс бірнеше факторды атады.

“G20 саммитінен соң АҚШ пен Қытай сауда-саттық соғысында біршама демалыс жариялайды. Одан бөлек АҚШ-тың Федеральдық жүйесі де сыйақы мөлшерлемені өсіруін кілт доғарды. Мұның барлығы инвесторларға жайлы ахуал туғызады”, – дейді ол.

Дроздов желтоқсан айында 1 доллардың құны 367-371 теңге, 1 евро – 418-422 теңге, 1 рубль 5,3-5,6 теңге болады деп болжайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз