Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Жыл қорытындысы: 2020 жылы теңгенің жағдайы қандай болды

302
Фото: kapital.kz

Курстың кезекті антирекордтары да жоқ емес – еуро, мысалы, қазіргі кезде ең қымбаты

Доллар: жаңа рекордтық курс және нығая түскен кезеңдері 

2020 жылдың алғашқы күндері Қазақстанда доллардың бағамы 382 теңге 59 тиынды құрады. Бірнеше апта бойы теңге аздап нығая түсті, алайда айтарлықтай қарқын байқалмады: 22 ақпанға қарай құны 375,87 теңгеге дейін төмендеді. Белгілі болғандай, бұл ең төменгі шегі болып шықты – 2020 жылы доллар бұдан төмендеген жоқ.

Ал, көрейік

наурыз ұлттық валютаның күрт құлдырауымен есте қалды:

  • 10 наурызда доллар бағамы 382,05 теңгені
  • 11 наурызда – бірден 393,6 теңгені
  • 13 наурызда – 399,24 теңгені
  • 14 наурызда – 405,46 теңгені
  • 19 наурызда – 439,32 теңгені
  • 20 наурызда – 448,5 теңгені құрады.

Осылайша,

небәрі 10 күн ішінде Қазақстанда доллар бағамы 17,4% – ға немесе 66,5 теңгеге өсті.

Бұл коронавирустың Қазақстанға жетуі, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, шикізаттың (ең алдымен – мұнайдың) әлем бойынша бағасының құлдырауы және Ұлттық Банктің болып жатқан оқиғаларға жауабы ретінде базалық мөлшерлеменің күрт өсуі аясында орын алды.

Содан кейін күрт өскен доллар бағамын қайтадан қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, маусым айының басына дейін  жалғасты – сол кезде америкалық валютаның ресми құны 400 теңгеден төмен түсті. Алайда теңге бұл деңгейде тұрақтап қала алмады: 10 шілдеде доллар бағамы тағы да 410 теңгеден асты. Қыркүйекке қарай доллардың ресми бағасы 420 теңгеге дейін жетті, ал қазанға қарай 430 теңгеден асты. 3 қарашада бағам 434,58 теңгені құрады, бұл “екінші толқын” үшін ең үлкен маңызға ие болды.

Жылдың соңғы 2 айында тағы да теңгенің нығая түскені байқалды

– америкалық валютаның ресми құны тағы да 420 теңгеден төмендеді. Алайда, 2020 жыл бұл шамадан сәл жоғары мөлшермен аяқталды – 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша доллар бағамы 420,91 теңгені құрады.

  • Ең төменгі бағамы: 375,87 теңге (22 ақпан)
  • Ең жоғарғы бағамы: 448,52 теңге (2 сәуір)
  • Айырмашылығы: 72,65 теңге
  • Бір жылдағы жалпы динамикасы: доллар 10%-ға қымбаттады
  • Жыл қорытындысы бойынша бағамның өзгеруі: +38,12 теңге

Евро: жыл антирекордпен аяқталды

Евроның динамикасы, тұтастай алғанда, доллардың динамикасына ұқсас. Жыл 429 теңгеден басталды, бірақ ақпан айының ортасында евро бағамы 410 теңгеден төмен болды. Алайда наурыз айын еуропалық валюта 420,8 теңге деңгейінде бастап, 495,86 теңге деңгейінде аяқтайды, алғаш рет бір евроның құны 500 теңгеге жақындаған.

Ұлттық валютаның салыстырмалы түрде қысқа мерзімді нығаю кезеңінен кейін (шілде айына дейін созылды – бағам кей кездері 450 теңгеден төмендеді) өсудің жаңа кезеңі басталды, бұл жолы біраз ұзаққа созылды.

2 қыркүйекте евроның ресми құны алғаш рет 500 теңгені құрайды.

2 айдан кейін жаңа деңгей бағындырылды – 510 теңге. 2020 жылды евро  516,13 теңге деңгейінде аяқтады – ал бұл рекорд, себебі елімізде еуропалық валюта құны бұрын-соңды бұдан қымбат болмаған.

Айта кету керек,

2020 жылы евроға халық сұранысының күрт төмендегені байқалды:

11 айдың қорытындысы бойынша айырбастау пункттеріндегі нетто-сату көлемі 44%-дан астамға төмендеген. Бұл евро құнының өсуіне байланысты ғана емес, сонымен қатар шекаралардың жабылуына байланысты болды – туристер Еуропаға шыға алмады, сәйкесінше оларға бұл валюта қажет болмады.

  • Ең төменгі бағамы: 406,18 теңге (21 ақпан)
  • Ең жоғарғы бағамы: 516,13 теңге (31 желтоқсан)
  • Айырмашылығы: 110,61 теңге
  • Бір жылдағы жалпы динамика: евро 20,3%-ға қымбаттады
  • Жыл қорытындысы бойынша бағамының өзгеруі: +87,13 теңге

Рубль: 9 ай бойы салыстырмалы тұрақтылық

Рубльге қатысты жағдай керісінше болды. Жылдың басында Ресей валютасы 6,16 теңге болса, соңында – 5,65 теңгені құрады. Осылайша

теңге 2020 жылы рубльге қатысты 8,3%-ға нығайды.

Сонымен қатар, 2020 жылды 3 шартты кезеңге бөлуге болады:

  • Жылдам нығаю: ақпан айының соңынан наурыздың ортасына дейін 3 апта ішінде рубль бағамы 5,9 теңгеден 5,3 теңгеге дейін төмендеді. Бұл Ресей валютасына сыртқы факторлардың (коронавирус, шикізат бағасы және т. б.) теңгеден сәл ертерек әсер етуіне байланысты болды.
  • Теңге де “ағысқа ілінген” сәттен бастап рубль бағамы 5,7 теңгеге дейін көтерілді. Ол тамыз айының соңына дейін5,7-5,8 теңге деңгейінде  сақталды.
  • Қыркүйектен желтоқсанға дейін тұрақтылықтың тағы бір кезеңі байқалды – рубль көп жағдайда 5,5-5,6 теңге аралығында болды.

2020 жылдың соңында жаз айларынан бері алғаш рет Ресей валютасының құны 5,7 теңгеден асты.

  • Ең төменгі бағамы: 5,31 теңге (13 наурыз)
  • Ең жоғарғы бағамы: 6,2 теңге (14 ақпан)
  • Айырмашылығы: 0,89 теңге
  • Бір жылдағы жалпы динамика: рубль 8,3%-ға арзандады
  • Жыл қорытындысы бойынша бағамның өзгеруі: — 0,51 теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз