Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалы 411 шара өткізді

301

Қазіргі таңда, филиал идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық және жастар мәселесі бағыттары бойынша алты жобамен жұмыс жүргізіп келеді.

Мәселен, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жоба аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қаладағы театр мен кинотеатрларға тегін көрсетілімдер ұйымдастырылып, «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша балалар мектеп қажеттіліктерімен қамтамасыз етілсе, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіліп, тегін медициналық тексеруден өту мақсатында аудан емханаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында медицина саласының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жалғызілікті қарттардың мекенжайларында үнемі медициналық көмек көрсетіп отырады. «Сәтті қадам» жобасы бойынша аудандық филиал бастауыш партия ұйымдарында Жоғарғы оқу орындары түлектері тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасуларына мүмкіндіктер беріліп жатыр.

Сонымен қатар, аудандық филиал, ауданда орналасқан Жоғарғы оқу орындары басшылығымен бірлесіп, жас түлектерге «Бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырып отырады. Сол сияқты, «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы да бастауыш партия ұйымдары арасында белсенділік танытып, жоба аясында жастармен, жасөспірімдермен тығыз жұмыс жасалынып жатыр. «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасының да жүзеге асырылуы ауыз толтырып айтарлықтай.

Партия филиалында өткізілетін «Әділет кеңес береді», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Бірыңғай қабылдау күні» сияқты республикалық акциялар мен арнайы ұйымдастырылған тақырыптық қабылдаулар тұрғындардың өзекті мәселелерінің шешімін табу мен тиісті заң шеңберінде кеңес алуларына зор мүмкіндіктер жасап отыр. Сонымен қатар,

партияның Алмалы аудандық филиалына қарасты округ депутаттары Рахман Алшанов пен Сабина Амангелді партия жұмысында әрдайым белсенділік танытуда.

Депутаттардың қабылдауында болған азаматтарға тиісті жауаптар беріліп, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» сынды қоғамның әлсіз топтарын қолдауға бағытталған партия жобалары аясында депутаттар халыққа қаржылай, демеушілік көмектер көрсетіп жатқанын да атап өту керек.

Партия жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстардың халыққа пайдасы тиіп жатыр деп сеніммен айтуға болады. Алдағы уақытта да партияның сан түрлі шарасы өз жалғасын табады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз