Еліміздегі жасөспірімдер арасында некесіз жүктілік өршіп тұр. Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлады. Қазір елімізде кәмелетке толмаған 2 миллиондай қыз бар.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын солардың кем дегенде 4 мыңдайы балалы болады. Ал, 700-ге жуығы жасанды түсік жасатады екен. Жыл басынан бері ОҚО-да кәмелетке толмаған 616 қыз жүкті болған. Алматы облысында 400-ге жуық, Жамбыл облысында 292, Қарағанды облысында 255 мектеп оқушысы сәбилі болды.