Үндістандағы ормандардың бірінде жолбарыс өзінің жолын бөгеген питонның одан әрі әрекеттерін шыдамдылықпен күтті.
Жазбаны Үнді орман қызметінің офицері Сусанта Нанда (Susanta Nanda) жариялады. Онда питонның жолдың ортасында тоқтап, жолбарыстың жолын қалай бөгегенін көруге болады. Жыртқыш тоқтап, питон сырғып кеткенше біраз уақыт күтті. Рептилия орнынан жылжымағандықтан, жолбарыс тыныш қана айналып өтті.
«Өте ақылды жолбарыс. Питонға шабуыл жасамай, қажетсіз қауіптен бас тартты, қарнын тойдыратын басқа да қорғансыз жануарлар көп емес пе»,— деп жазды олардың бірі. «Орман патшасы ақылдылық танытты… біздің үйренеріміз бар», — деп атап өтті басқа бір пікір білдіруші.