Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жолаушылар вагондардың қорқынышты екенін айтып шағымдануда

Жарықтан бөлек, жалпы вагонның өзі апаттық жағдайда, дейді жолаушылар.

Осы пойыз үшін жауапты “Астана-Түрксіб” компаниясы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Бұл пойызға техникалық қызмет көрсететін “Вагон-Сервис” АҚ. Біз қазір солармен мәселені шешіп жатырмыз, хабарласып, білеміз. Вагонның бояуы кете бастаса, апатты жағдайда деген сөз емес, жарықтың болмауынан да ондай қорытынды шығаруға келмейді. Қыста аяз қатты болды, қазір вагондарды жуып, енді қайта сырламақпыз. Біреуін шешіп, сырлап, қайтадан тіркедік. Бір дегенде бүкіл вагонды сырлай алмаймыз ғой. Қыста қатты аяз салдарынан, бояудың қабыршақтанып түсіп қалуы бірінші рет болып отыр”, — деді Астана-Түрксіб” компаниясының инженері Гүлнәр Шеңгелбаева.

Компания атап өткендей, қазір де 10 вагон сырлауды қажет етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз