Ақмола облысындағы Макинка – Елтай аралығындағы теміржол учаскесінде жолаушылар пойызы бір отар қойды қағып кетті. Көлік полициясы департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 13 қыркүйекте болған.
Петропавл – Алматы бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының машинисі теміржол бойында ұсақ малдың жүргенін байқап, шұғыл тежеу қолданған. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, пойыз 13 бас малды қағып кеткен. Оқиғадан кейін пойыз тоғыз минутқа тоқтаған.
Көлік полициясы департаментінің дерегінше, жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежеуіне байланысты 1005 жағдай тіркелген. Оның 746-сы, яғни жартысынан астамы, ауыл шаруашылығы жануарларының теміржол жолдарына шығып кетуіне байланысты болған.
Мамандардың дерегіне қарағанда, малдың теміржолға шығып кетуі пойыз қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.