Нұр-Сұлтан
Қазір
-18
Ертең
-7
USD
435
+0.42
EUR
494
+3.77
RUB
5.81
+0.03

Жолаушыларға ескерту: №303 қоғамдық көліктің кондукторлары қауіпті

134

«Бұл оқиға 22-маусым күні кешке жақын орын алды. Арада болған даудың соңында кондуктор жолаушының аяғына пышақ сұғып алған. Жарақаттанған азаматқа дәрігерлер алғашқы көмекті сол жерде көрсеткен. Жәбірленуші денсаулығына байланысты бірден үйіне жіберілді»,- делінген Алатау аудандық ішкі істер басқармасы таратқан хабарламада.

Күдіктіге қатысты іс алдын ала тексеру кезінде анықталады.

Бұл Алматыдағы №303 бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар автобусы кондукторына қатысты тіркелген бірінші қауіпті жайт емес.

Былтыр тамызда тағы осы автобустың кондукторы жол бойында жүк көлігін тепкілеп, әбден есірген. Оған себеп те жоқ емес секілді. Өйткені 2014 жылғы тамызда тура осы бағыттағы автобус жүк көлігімен соқтығысып, 5 жолаушы ауруханаға түскен.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз