Құдайға да жақсы адам керек! Өмірден ерте озған адам туралы қазақ әдетте осылай айтады. Алайда бұл пікірге Сәкен Майғазиев түбегейлі қарсы. Айтуынша, жақсы адамды қажет етсе, Алланың өзі-ақ жаратып алады. Бұл ретте әнші қате пікірдің кесірінен көп жасағандардың қаһарына ұшыраудан сақтандырды, деп жазады Stan.kz.
https://kaz.365info.kz/ozi-de-sondaj-bopty-goj-zhelidegiler-saken-majgazievti-synap-tastady-video-292752
Біріншіден, АЛЛА тағала адамға (жақсы адамға) мұқтаж емес.
АЛЛА – Әс-Самад! Өйткені бүкіл тіршілік иесін (мақлұқатты) АЛЛА өзі жаратты. Яғни біз қателесіп айтып жүргендей жақсы адам керек болса өзі-ақ жаратып алуына құдіреті жетуші – Әл-Халиқ.
Екіншіден, күлкілі болса да айтайын, 90, 100-ге келген кісілер жаман болғандығынан жүр ме, сонда? Сондықтан, АЛЛАның ашуын келтіретін сөздерден абай болып, көп жасағандардан айқай естіп жүрмейік, жақсылар”, – деп ашынды Сәкен.
https://kaz.365info.kz/zim-oryssha-bilmejmin-balam-bilsin-maj-aziev-balasyn-orys-mektebine-bergen-ata-analardy-synap-tastady-video-243347