Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Жоғарғы Сот Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан жігіттің отбасынан кешірім сұрады

2024 жылдың тамыз айында Нұрсұлтанның әкесі ұлының тәртіпсіздіктерге қатыспағанын дәлелдеп шықты. Сот марқұмды ақтау туралы үкім шығарды. Осыдан кейін отбасыға жоғарғы соттан кешірім хат келген.

«Кешірім хатта ұлымның кездейсоқ өлтірілгені айтылған. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығындарды өндіріп алу үшін қаржы министрлігіне жүгіне алатыным айтылған», – дейді Нұрсұлтанның әкесі Бақытжан Шыңғысбеков. 

Марқұмның әкесі өзіне ақша емес, ұлын өлтіргендер табылып, жазаланғаны кереке екенін айтады. Алайда бұл іс бойынша тергеу бір орнында тұрған көрінеді.

Нұрсұлтан 2022 жылдың 7 қаңтарында қонаққа барып, үйіне қайтып келе жатқан кезінде атып өлтірілген. Марқұмның әкесінің айтуынша, қансырап жерде жатқан Нұрсұлтанның өлгеніне көз жеткізу үшін жүрегіне оқ атылған.

«Біз №1 Тараз қалалық ауруханасына бардық. Ол жерде Сәкен Жұмашұлы деген бас дәрігердің орынбасары болды. Ол менің ұлыма өзі ота жасағанын, ота кезінде Нұрсұлтанның денесінен үш оқ алып шыққанын айтты. Оқтарды тергеушілер алып кетткен. Ал бір айдан кейін тергеу басталғанда, Сәкен Жұмашұлы мүлде басқа түсініктеме берді. Ол ұлымның денесінен ешқандай оқ шықпағанын, ештеңе білмейтіні, ота жасамағынын айтты», – дейді Бақытжан Шыңғысбеков. 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз