Атырау облысына қарасты Бесікті кентінде сегіз жастағы қыз жоғалып кетті. Мектеп жанындағы жазғы лагерге кеткен бүлдіршін сол күйі үйіне оралмаған. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ал әлеуметтік желіде бүлдіршіннің педофилдің құрбаны болуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.
«Инстаграм» желісіндегі zello_atyrau парақшасының қолданушыларының жазуынша, қаршадай қызды өзінің көршісі ұрлап кетіп, зорлап, кейін мәйітін өзенге лақтырып жіберген. Бұл ақпарат қазір түрлі әлеуметтік желілер арқылы кең таралуда. Осыған байланысты Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне хабарласқан болатынбыз. Ресми органдардың дерегінше, әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Әрине бұлай да болуы мүмкін. Бірақ дөп басып айтуға әлі ерте. Қазір құтқарушылар қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде