Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жоғарғы сот Ұлт жоспарына қатысты жүктелген барлық міндетті сәтті орындады

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысы осыдан бір жыл бұрын жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекске жария түрде қол қойды. Жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін шығарылған сот актілеріне жүргізілген талдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзінің зор тиімділігін көрсетті.

Егер де сот төрелігінің ескі жүйесінде істердің жекелеген санаттары бір жарым жылға дейін қаралса, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін табуда. Азаматтық істердің 82 пайыздан астамы бір сот отырысында, ал 58 пайызы – жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралады. Дауды шешудің баламалы тәсілдерін қолдана отырып аяқталған істердің саны 70 пайызға артса, медиацияны қолдана отырып аяқталған істер саны 3 есе артты.

Азаматтық процестік кодекске енгізілген нормалар электронды сот ісін жүргізуді жетілдіруге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы ағымдағы жылы 600 мыңнан астам электронды құжат келіп түсті,- деді ол.

Қайрат Мәми ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша республикадағы барлық сот отырысы залдарының аудиобейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жарақтандырылғанын айрықша атап өтті. Бұл жұмыс барынша қысқа мерзімде әрі тиісті деңгейде жүргізілді. Бұл сот төрелігінің айқындығын арттырудың тікелей шаралары және Ұлт Жоспарының 20 қадамын орындаудың іс жүзінде аяқталғанын білдіреді. Жүргізілген реформалар құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға, сондай-ақ тұрғындардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға барынша ықпал етеді.

Нәтижесінде, неғұрлым маңызды халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның көрсеткіштері жақсарды. Мәселен, ағымдағы жылы Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу және инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 9 орынды иеленді. Қазақстан Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінде өз көрсеткішін 4 позицияға (72-ден 68-ге дейін) жақсартты. Бұл Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосудағы сот жүйесінің қомақты үлесі болып табылады.

Сот процесіне қатысушылар арасында Жоғарғы сот жүргізген онлайн-сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 74,4 пайызы соттар жұмысының сапасына қанағаттанушылық білдірді. Сауалнамаға барлығы 16,5 мың адам қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз