Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жириновскийдің қазақтарды не үшін жек көретіні белгілі болды (видео)

Қазіргі княз бұрын 20 жыл бойы қарапайым жұмысшы болған. Қазір Владимир Ильич Ресей монархиялық одағының штаб-ротмистрі болып қызмет етеді.

https://kaz.365info.kz/resejge-khosylmasan-ali-khantogis-bolady-kreml-zhirinovskijdi-zhanasha-sojletti-313658

Жастық шағы Қазақстанда өткен княз үшін Алматы ең сүйікті қаласы. Нарышкин мұнда шын ықыласымен келіп тұрады.

– Мен Казачьей көшесінде Жириновскимен көрші тұрдым. Есімде қалғаны, бала кезде оны өзге балалар үнемі тепкілейтін. Суайттығы үшін.

– дейді Нарышкин. 

Ал төмендегі видеоны көрсеңіз Жириновский өзінің Қазақстаннан не үшін кеткенін айтып, ағынан жарылыпты. 

“Теледидарды қоссам да, радионы қоссам да қазақша сайрап жатады.

Жақсы қызметтердің барлығына қазақтарды қабылдай бастады, ал орыстар олардың орынбасары болатын.

Болды. Бітті. Бұдан кейін мұндай елде қалай көтерілесің? Негізі мұның бәрін бүлдірген Сәбет үкіметінің өзі”

 дейді Жириновский. 

https://kaz.365info.kz/putin-zhenedi-birakh-sol-sajlaudan-kejin-orys-halkhy-mort-synady-sayasattanushy-301746

Армениядағы толқулардың ауанынан сезіктенсе керек, күні кеше кезекті рет Жириновскийді сөйлетіпті Кремль.

«Бір кездері Қызыл империяның қол астында болған мемлекеттер Ресейдің құрамына қосылыңдар.

Біз сендерді «ішкі қантөгістен құтқарамыз». Бұл бірінші кезекте – Грузия, Әзірбайжан, Арменияға қатысты» – деп шатып-бұтыпты Жириновский.

«ТМД аумағындағы мемлекеттерді ішкі қантөгістен құтқаратын жалғыз ел – Ресей. Уақыт бар, ойланыңдар. Қарашаңыраққа қайтып оралыңдар өз еріктеріңмен. Ресей Федерациясында Тбилиси, Баку, Ереван, Киев, Одесская губерниялары пайда болуы тиіс. Сонда ғана тыныштық табамыз… «, – депті Жириновский.

 

https://kaz.365info.kz/putin-barinen-ajyrylady-sayasattanushy-resejdi-ne-kytip-tyrganyn-ajtty-301699

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз