Мен мұны жазбас бұрын көп ойландым. Көпті көрген әпкелер,өз ойларыңызды білдіріңіздерші өтінем.
Студент қызбын жасым 21-де.
Мен оңбай қателестім аңқаулығымның кесірінен.1 курс оқып жүргенде жүріп жүрген жігітім болатын.Бір-бірімізді қатты жақсы көретінбіз.Ол жөнінде шет жағасын анама айтқанымда қарсы болды.Себебі отбасының жағдайы нашар, қарызы көп,сөйлеспе онымен деді.Негізі анамның айтқаны да себеп болды, екіншіден мен қалада оқуда жүргендіктен оны оқуда күніге көріп ,жолығып тұра алмаймын ғой дегенде ой болды.Содан мен оны болмашы себепке ұрыс шығарып тастап кеттім.Нөмірімді, бәрін сөндіріп жоқ болдым. Сол уақытта группаласымның жігіті болатын. Құрбым кездесуге бірге барайық, қасында досы бар деді.Менің ойымда ештеңе жоқ бірге бара салдым. Барсам шынымен 2 жігіт отыр екен, таныстық, білістік. Содан не керек кешке вацаптан әлгі жігіт жазды.Мені ұнатып қалыпты-мыс.Мен де тереңінен ойланбай,бұрынғы жігітімнен құтылу үшін сөзімді бере салдым.Содан басталды. Күніге жолығу, қыдыру, сыйлықтар, кино, т.б
Бірақ уақыт өте келе ол маған дөрекліік көрсетіп, үстемдік ете түсті. Бірақ мен оны сүйгендіктен бәріне шыдадым. Арасында ұрсысып қалсақ та, тез татуласатынбыз.
Бірақ бұл жүріс ұзаққа бармады.Ол оқуды бітіріп ауылға дәрігер болып жұмысқа тұрып кетті,ал мен қалада қалдым. Өзі айтқан, мен ол жақта жүргенімде жұмыс ауыр болады үйренісіп кеткенімше саған уақыт бөле алмай жатсам,ренжіме түсін деді. Мен келістім. Бірақ ол мүлде хабарласпады, туған күніммен де құттықтамады, менің хабарламаларыма жауап бермейді. Менде біраз уақыт көрейін деп оған мүлде хабарласуды қойдым.
Бірде оның әлеуметтік желідегі парақшасынан басқа қызбен түскен суретін көріп, бірден хабарласып, әлгі қыздың кім екенін сұрадым. Ол маған әріптесі екенін айтты. Оның мені алдап, мазақ етіп жүргенін айтып, қатты ашуланып, өзіме өзім қол жұмсайтынымды айттым. Сол кезде ол “Сенен көңілім қалды, бірақ сен өзгеруге тырыс, мен сөзімде тұрып, кейін саған үйленемін” дейді.
Меніңше, оның маған үйленетін ойы жоқ, әшейін мені мазақ етіп жүр. Қазір бұрынғы жігітім мені қайта мазалап жүр. Бірақ ол шындықты білсе, менен теріс айналатыны анық. Өзімді бағаламайтын жігітті сүйем деп, өмірімнің быт-шыты шықты.
Аноним
ДЕРЕККӨЗ: Алаш айнасы