Жігіті тастап кеткен француз қызы үйлену тойын өзі ұйымдастырды.
Реймс қаласының тұрғыны Летисия Нгуен (Laëtitia Nguyen) сүйіктісімен үш жылдай уақыт кездесіп жүрген. 38 жастағы қалыңдық пен оның серігі үйлену тойынан кейін сәби сүюді жоспарлап, мерекені ұйымдастыруға бел шеше кірісіпті. Алайда бір күні Нгуеннің жігіті одан қашқақтай бастайды, ал тойға үш ай қалғанда екеуі айырылысып тынады.
“Тойда ата-анам, әпкем күйеуімен және жақын достарым – барлығы сегіз адам болды. Неке жүзігін ортаңғы саусағыма кидім. Күйеусіз өтті демесеңіз, бәрі керемет болды. Өзіме деген сенімділік қайта оралды, мен өзімді таптым. Бұл менің қайта туған күнім.
Маған бірде-бір жігіт үйленгісі келмеді, алайда мен өзіме үйленгім келді, өйткені мен керемет жанмын, оны жақсы білемін”, — дейді Нгуен.
Қыздың айналасындағы адамдар оның бұл әрекетін әр түрлі қабылдады: бірі ақылға қонымсыз десе, енді бірі қолдау білдіріп, батылдығына тәнті болып жатыр.
Дерек көз:Sputniknews.kz.