Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Жігіті тастап кеткен бойжеткен шақалағын 17-қабаттан лақтырып жіберді

20 жастағы Нэтчаньок Нокюньгтун жаңа туған сәбиін 17-қабаттан лақтырып жібергенін мойындады. Бұған жүріп жүрген жігітінің бұрынғы әйеліне оралуы себеп болған екен. Оқиға Таиландтың Паттайа аралында болған.

40 жастағы ер адам қыздың босанғанын естіп, Оңтүстік Кореядағы бұрынғы отбасына кетіп қалған. Жұрттың сөзінен қорыққан қыз өзін өзі босандырып, артынша шақалақты терезеден лақтырған.

Куәгерлер шақалақтың күндізгі сағат 17:00 шамасында лақтырылғанын айтады. Бастапқыда жерге түскен жай зат болар деп ойлаған екен. Бүгінде әйел өзінің кінәсін толықтай мойындап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз