26 жастағы Айсәуле есімді бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Оны интернет арқылы танысқан жігіті зорламақ болған екен.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды деп жазады stan.kz.
Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жігіт туралы айтып берді. Ол бұл азаматпен интернет арқылы танысқан екен. Мұнымен қатар, ол қыз-келіншектерге интернет арқылы жігіттермен таныспауға кеңес берді.
Әйтеуір дегенде қашып кеттім. Өзі ішімдік ішпеген еді. Оған сол сәтте әлсіздігімді көрсетсем, жағдай ушығып кететін еді. Мен барынша өзімді қолға алуға тырыстым. Қазір ешкімге сенбеймін. Қыздарға интернет арқылы таныспауға кеңес бергім келеді. Кейін кешірім сұрап хабарласты. Оны барлық жерде бұғаттап тастадым. Осылайша ол мені сол түні зорлап қоймақ болды. Аты-жөнін жақсы білемін. Бірақ, еш жерге арызданбадым. Өйткені, барлық кезде қыз кінәлі. Жігіттер танысу сайттарында жеңілтек қыздар отырады деп ойлайды», – дейді Айсәуле ханым.