Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, арзан етке жұрт таласып қалды.
Бұл туралы видео әлеуметтік желіде пайда болды.
Жәрмеңкеде 12 бас сиыр еті, 2 жылқы, 21 қой сатылды. Ірі қара еті 1200 теңгеге сатылса, жылқы еті 1400 болды. Ал қой етінің келісі 1 мың теңгеге бағаланды деп хабарлады Aktobenews.kz.