Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жібек Мусинова өзін зорлағандардың туыстарын да сотқа берейін деп жатыр

Қазір ол сотқа арыз дайындап жатыр. Сотталушылардың туыстарын жала жапқаны үшін жазалануды талап етеміз. Жала жапты деп отырғаным, олар Жібекті төбелесті бастады деп айыптайды. Расында ол төбелеспеген, оған шабуыл жасалған. Тіпті, сот-медициналық сараптама Жібектің қанында алкогольдің өте аз мөлшерде болғанын анықтады. Яғни, ол мас та болмаған”, – дейді Айман Умарова.

Заңгердің айтуынша, жәбірленушіге әліге дейін сотталғандардың туыстары тарапынан қысым көрсетіліп келеді екен.

“Сотталғандар туыстарының баспасөз мәжілісін өткізіп, БАҚ өкілдеріне берген ақпараттары жалған. Біздің ойымызша, олар осылайша апелляциялық комиссияға әсер етпекші”, – өзін түйді Жібек Мусинованың қорғаушысы. Естеріңізге салайық, Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинованы зорлады деген күдікпен төрт жігіт ұсталған болатын. Сотта олардың кінәлары толық дәлелденіп, барлығы да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Айта кетер болсақ, бұған дейін де Сотта шу шығарғаны үшін сотталғандардың жақтастарына айыппұл салынған еді.

Дереккөз: «Қамшы» порталы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз