Блогер Әсел Асқар тағы да ел назарында. Алғашқыда поэзиялық өлеңдер оқып, нәзік образымен танылған блогер соңғы кездері елдің көзіне ерсі әрекеттерімен түсуде.
Желі қолданушылары Әселдің бұл қылығын аямай сынап тастады.
“Қазақстанның барлық қыздары жезөкшелік жолмен ақша табады дегісі келіп тұр ма? Қателесесің, сұлуым. Біз өз еңбегімізбен, ешқандай да аға-көкелердің көмегімен аяққа тұрып жатырмыз. Жарнама сұмдық. Бірінші кезекті өз намысыңызды аяққа таптадыңыз. Өте өкінішті”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.
Тағы бір оқырмандар тобы басқа емес, дәл әнші Бүркіттің қарындасының осындай қылыққа барғанына күйінген.
“Бұл қызды таза әрі жақсы деп ойлағандарға таңғаламын. Рас айтасыздар ма? Мен мүлдем таңғалып отырған жоқпын.
Бүркіт, өкінішті, қанша жылдан бері бедел үшін жұмыс істедіңіз, қарындасыңыз бүкіл отбасының абыройын айрандай төгу үшін бе?” – дейді тағы бір оқырман.
Оның видеосын мына арадан көруге болады.