Ұлытау облысында теміржол өткелінде тыйым салатын сигналға қарамастан қозғалысын жалғастырған жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзушылық Жезқазған қаласында бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Жедел басқару орталығының инспекторлары 1979 жылы туған азаматтың жүк көлігін басқарып, теміржол өткелінің кезекшісі тыйым салатын сигнал бергеніне қарамастан өткелге шыққанын анықтады.