Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Сарыарқа көшесінде капоты ашық ВАЗ-21010 автокөлігін айдап келе жатқан жүргізушінің бейнежазбасын анықтады.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Сондай-ақ жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылар үшін аса қауіпті екені түсіндірілді.