Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 39 жастағы ер адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Шымкентке жеткізді. Науқас гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.
«Тасымалдау қажет болды, себебі Түркістан облыстық ауруханасы Шымкентте орналасқан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсетуге қажетті мамандандырылған жабдықтар жеткіліксіз. Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, жарақаттанған адамды Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді», – делінген Түркістан облысының төтенше жағдай департаментінің хабарламасында.
Тікұшақ қонғаннан кейін зардап шеккен адам арнайы мамандандырылған медицина қызметкерлерінің бақылауына берілді.