Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
3
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

“Жетер енді!”. Жұлдыз Әбдікәрімова отбасын сынға алған желі қолданушыларына жауап берді

Жұлдыз Әбдікәрімованың сөзінше, ол өзінің отбасының желідегі парақшасын бақылап, түрлі ақыл айтатын адамдарды түсінбейді.

«Ай мен күннің аманында, қазіргі заманауи таңда адамзат даналыққа ұмтылудың орнына, керісінше ұсақталып барады. Өкінішті-ақ… Біз тәуелсіз болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз, оларға үлгі бола білу керекпіз. Өмірді қиындататын сіздің түпкі санаңыз. Бұған ешбір қоғам, заман кінәлі емес.

Мен кейбір адамдарды түсінбеймін. Егер жалықтырды, көзге сүйел болды , мақтаншақ, «уродка», қызықсыз, шаршатты, «балалар сенде ғана бар ма» дейтін болса, неліктен біздің отбасымыздың парақшасына кіріп, ішіндегі бар «ақылдарын» бізге ғана жазады?

Тағы тек жазып ғана қоймай, ұрсып та, балағаттап та алады екен», – деп жазды Әбдікәрімова Instagram-парақшасында.

 

 

https://kaz.365info.kz/bilip-khojdy-khajrat-nyrtas-ajelinin-kozine-shop-salyp-zhyr-eken-video-319628

Сондай-ақ, Жұлдыз өздерінен бөлек, шетелде демалып жатқан қазақ отбасылары көп екенін айтты.

Адамдардың пікірінен ештеңе өзгермейтінін айтқан актриса «Алланың алдына барғанда әркім өзі үшін жауап бере алса болды», дейді.

 

https://kaz.365info.kz/rahattanyp-khaldym-khajrat-nyrtas-ozin-synagandarga-zhauap-berdi-video-319189

«Түсінер едім, егер де ұшақта біз ғана ұшсақ, Қазақстан елінен жалғыз біз отбасымызбен ғана шетелде кезекті демалысын өткізіп жатсақ. Ал енді ойлаңыз, бірге ұшақта, бір-ақ рейстің өзінде тола қазақ отбасы келді.

Сондағы сол кісілердің демалуына біздің бір септігіміз тиген жоқ қой. Олар да асып-тасып бара жатқанынан демалуға келген жоқ болар. Бұл деген миға сыймайтын бос әңгіме. Бірақ сіздің түпкі санаңыз бен ішіңіз жақсы біледі, сезеді сол пікіріңіздің әдепке сәйкес емес екенін.

Десе де сіз сол пікірді жазып кетесіз. Мейлі, солай-ақ болсын, дегенмен жазбаңыздан кейін артынан бақылап көрдіңіз бе, не өзгерді? Бәрі орнында.

Тек Алланың алдына барғанда әркім өзі үшін жауап бере алса болды», – деп жазды Қайрат Нұртастың жұбайы.

 

https://kaz.365info.kz/khajdagy-zhezokshe-dilnaz-ahmadieva-kamshat-pen-luina-turaly-ajtty-319603

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз