Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Жеңілдік барын айтпады ғой”. Салық органы ардагерлерге салықты артығымен төлеттіріп отырған

Олқылықтың басты себебі – салық төлеушілердің өз құқықтарын білмеуі. Сондықтан прокуратура өкілдері облыс орталығындағы «Қазпоштаның» 180 бөлімшесіне жеңілдіктер туралы ақпарат іліп шықты. Зейнетақысынан жырып артық төлем жасаған жанның бірі – Василий Мищенко. 88 жастағы қарт майдангер соғыс жылдарында шаруашылық көліктерін жүргізген. Тыл ардагері шығын орнын толтырып, заңның үстемдік құрғанына қуанады.

Василий Мищенко, тыл ардагері:

– Мен ұдайы жер салығын төлеп тұрамын. Артық ақша беріп жүргенімді, тіпті сезбеппін. Қадағалаушы органның біз сияқты қарт-мүгедектердің мүддесін қорғағаны үшін қуаныштымын.

Мұрат Досмағанбетов, қала прокуроры:

– Прокуратураның ықпал етуінің арқасында 800 мың теңгеден астам алынған салық кері қайтарылып беріліп, олардың құқықтары қорғалды. Жұмысшылардың да конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура назарында. Өткен жылдың өзінде 4 мың жұмысшының 730 млн теңге жалақысы өндіріліп берілсе, ағымдағы жылы 700-ден аса жұмысшының 110 млн теңге жалақысы өндіріліп беріліп, құқықтары қорғалды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз