Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-1
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері Қызылордадағы мемлекеттік қызметкерлермен кездесті (фото)

Кездесуде аталған департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын назарларына жеткізуде.

Жыл басынан бері кіші бағдарламада айқындалған мақсаттар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдарда жауапты қызметкерлер бекітіліп, галстуксыз бейресми кездесулер өтуде. Кездесулерде нақты реформаларды сезіну үшін әрбір қызметкер жұмыс барысында туындайтын мәселелерді ұжыммен талқылауға ынталандырылуда.

«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, идеяларыңызбен бөлісіп және «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» – деді Анар Сәлімжан.

Алдағы уақытта «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстар ары қарай мемлекеттік органдарда өз жалғасын табатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз