Ғалымдар желтоқсан айының соңында жойқын жер сілкінісі орын алатынын мәлім етті.
Бұл жайында Фрэнк Хугерберцтің жеке парақшасында жарияланды деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фрэнк Хугерберцтің геологиялық процестерге арналған жеке сайты бойынша, апат Рождество кезеңінде, күн жүйесіндегі планеталар (Меркурий, Марс, Венера, Жер және Юпитер) бір жолға сәйкес келетін кезде орын алады.
Хугербецтің сөзінше, ол желтоқсанның 21 мен 25 аралығында күтілуде.
Бұл болжам арқылы мамандар қысқы демалыста саяхатқа шығатын адамдарды сақтандырмақ.
Айта кетейік, мамандар апат күтіп тұрған жерде нақты белгілеп атамаған.