Желіге тараған аудиожазба Төреғалидің әкесі Төреәлі мен Алтынай Жорабаеваның інісі Талғат Жорабаевтың жанжалы болуы мүмкін, деп жазады Today.kz.
Аудиожазбаны желіге журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жүктеді.
“Қарияның не айтқанында шаруам жоқ. Ол кісі бар болғаны суын ішіп, ауызы көпіріп сөйлеп, сахнада емес тойда жүргендей болған әншіге ызалы болды. Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. “Шығарып жіберіңдер” деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал бұл болса “шал, шал” деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін шығаруда. P.S: Мына аудиожазбаны тыңдап көрсеңіздер, кімнің кім екенін білесіздер. Асхат Садырбайға да жазған сөздерін оқи отырыңыздар. Шоу-бизнестегілер маған базынасын айтты. Әрі қарай өздеріңіз көрерсіздер”, – деп жазды журналист.
Аудиожазбада екі ер адам бір-бірімен сөз таластырған. Желі қолданушылары бұлар Талғат Жорабаев пен Төреәлі мырза деп болжауда.
https://kaz.365info.kz/e-kh-bas-toregalidyn-kokeleri-ashat-sadyrbajga-khokhan-lokhkhy-korsetken-audiozhazbasy-295673