Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Желідегілер Астанада өрттен балаларды құтқарған құрылысшыға үй беруді сұрауда (видео)

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ерлік көрсеткен төрт жігіттің суреттері жарияланып, желі қолданушылары олардың әрекеттерін елеусіз қалдырмауды талап етуде. Facebook қолданушысы Ұлан Әбішев те осындай пікірде. Блогер өз парақшасында бейбіт күннің батырларының суретін жариялап, аты-жөндерін тізіп шыққан.

https://kaz.365info.kz/politehtyn-obshhyagasy-sekildi-bir-kelinshek-student-kezinde-zorlanganyn-ajtty-296767

 

Сондай-ақ, ол «Bi Group» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевтан 7-қабатқа қауіпсіздік белбеуінсіз өрмелеп шыққан жұмысшыға дәл осы кешеннен пәтер беруін де сұрады. Өйткені «Nova City» тұрғын үй кешенін салып жатқан «OTAU Development Group» «Bi Group-тың» еншілес компаниясы.

«Өрттің кезінде құтқару жұмыстарына қатысқан барлық жігіттерді марапатқа ұсыну керек. Олардың аты жөндері: Жасұлан Байсейітов, Ақылбек Жахайымов, Әділбек Дағыстан, Руслан Беріков.

Ал, 7-қабатқа қауіпсіздік белбеуінсіз өрмелеп шыққан жігітке BI Group компаниясы осы тұрғын үй кешенінен пәтер сыйласа жарасады»,

– дейді Ұлан Әбішев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз