“Қазгидромет” синоптиктері 23 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады.
Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде тұман түсіп, қатты жел соғады.
“Тек батыста антициклон ықпалынан күн ашық болады деп болжануда”, — дейді метеорологтар.
Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м\c жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да жел күшейеді, түнде және таңертең тұман басады.
Маңғыстау, түнде және таңертең Қостанай облыстарында – тұман. Түркістан облысында найзағай жарқылдайды деп болжануда.
Сондай-ақ Алматыда дабылды ескерту жарияланған. 24-25 қыркүйек күндері оңтүстік мегаполисте нөсер жауыннан су деңгейі көтерілуі мүмкін. Ал Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.